2020 жылдың 21 ақпанында Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығында қала əкімінің орынбасары С.Ж.Жақсылықованың, қалалық мәслихат пен қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен 39 аз қамтылған отбасыға - АƏК -алушыларға 59 кепілдендірілген əлеуметтік пакеттер беру ұйымдастырылды.

АƏК алушылардың саны ай сайын өзгеріп отыруын ескере отырып, кепілдендірілген əлеуметтік пакеттерді алушылардың саны ауысып отырады. Азық-түлік жиынтығы ақпан айы үшін наурызда 54 отбасыдағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 74 данада ұсынылатын болады.

Одан өзге, сəуірдің айында аз қамтылған отбасыдағы əр балаға (1 жастан 6 жасқа дейінгі) 74 тұрмыстық химиялық тауарлар ұсынылатын болады.