14.02.2020 жылы «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі мүмкіндігі шектеулі балалар мен он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арнап «Балқаш қаласының өнер мектебі» КМҚК-ның акт залында «Қасеннің сиқырлы заттары» атты қос тілде театрландырылған қойылым ұйымдастырды.

Бұл күні бөлімше қамқорлығындылар әлеуметтік жұмыскерлердің ұйымдастыруымен конкурстарға қатысып, жұмбақтар шешіп, мерекелік қуанышқа кенелді. Көрермендерде мерекеден тыс қалмай, өздерінің өнерлерін би билеп, өлең, тақпақтар айтып, көрсете білді.

Осындай арнайы өткізілген мерекелер балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай және олар мерекелік іс-шараларға үлкен ықыласпен қатысып, атсалысады.