Жыл сайын жаңа жыл мерекесі қарсаңында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған жаңа жылдық шырша өткізу дәстүрге айналған.

26.12.2019 жылы «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық Өнер мектебінде 82 мүмкіндігі шектеулі балалар мен он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған жаңа жыл шыршасын өткізді.

Бөлімше қамқорлығындағылар әртүрлі костюмдардағы ертегі кейіпкерлерімен бірге тамаша безендірілген шыршаны айнала ән салып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Мереке соңында Аяз Ата мен Ақшақардың қолынан жаңа жылдық тәтті сыйлықтарын алып тарқасты.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 16 жасқа дейінгі 236 мүмкіндігі шектеулі балаларға 3000 теңгеден бір реттік әлеуметтік көмек берілді.