2019 жылдың 20 желтоқсанында М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, « Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және түлектер қатарынан жұмыс іздеушілерге, жас мамандарға лайықты жұмыс табуға көмектесу, ал жұмыс берушіге жаңа кадрларды таңдауға көмектесу.

Жәрмеңкеге 15 жұмыс беруші қатысып, олар білім беру, коммуналдық қызмет көрсету, құрылыс, өндіріс, жылу энергетика, және т.б. салаларға қатысты 400-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

  Жұмыс іздеушілер үшін жұмысқа орналасу, микрокредит беру, тегін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру сұрақтары бойынша жеке кеңестер жүргізілді, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары түсіндірілді.

Қатысушылар назарларына ақпараттық және тарату материалдары (буклеттер, жадынамалар, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар) ұсынылды.

Аталған іс – шараға 70-тен астам жұмыссыз азаматтар қатысты. 14 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 9 адам тегін қысқа мерзімді курстардан өтуге ниет білдірді.

Сонымен қатар, жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілер арналған бірыңғай электрондық еңбек биржасы енгізу бойынша, яғни жұмыс берушілермен азаматтардың өздерімен ұсынылған түйіндемені және бос жұмыс орындар туралы мәліметті, мемлекеттік және жеке жұмыспен қамту орталықтары туралы ақпаратты біріктіру жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізілді.