«Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ арқылы «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, 1,2 топтағы мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға көлік қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты: Мүгедектерді (оның ішінде Техснаб және Қоңырат шағын ауданында тұратын мүгедектерді) денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға заңдық кеңестеріне, прокуратураға, нотариуске, сауда орталықтарына, оқуға, жұмысқа, мәдени-танымдық, спорттық шараларға жеткізуді ұйымдастыру.

Қызметті алу үшін мүгедек «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ-не келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Өтініш;
  2. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама.

Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

«Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ мекенжайы: Мир көшесі 19, тел.41961