Тұрғын үй көмегі Балқаш қаласында және іргелес кенттерде (Гулшат, Саяқ) тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.

         Отбасының тұрғын үй көмегін алу  құқығын анықтау үшін басты негіз отбасының жиынтық табысы және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары болып табылады (тариф немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша).

         Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде, коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының төлеу сомасымен белгіленген отбасының  аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Көмек барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін  тағайындалады.

Отбасының жалпы кірісіне шекті рұқсат етілген шығыстардың үлесі қалалық мәслихаттың шешімімен белгіленеді және Балқаш қаласының аймағында 8% құрайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын айқындау кезінде ағымдағы тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының жиынтық кірісі ескеріледі.

         Тұрғын үй көмегі отбасының табысы, қолданыстағы тұрғын үйдің ауданы және нақты коммуналдық қызметтерді тұтынуға байланысты әрбір отбасыға жеке есептелінеді, сонымен бірге отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалар шегінде есепке алынады:

·                   көп бөлмелі пәтерлерде  жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды (бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін- пәтердің жалпы ауданы);

·                   отбасына электр қуатын тұтыну нақты шығындар бойынша, электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловаттан артық болмауы тиіс;

·                   коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, эксплуатациялық қызметтер, қоқыс шығару)  басқару нысанына байланыссыз, қызметтерді жеткізушілермен бекіткен тарифтердің негізінде немесе есептеу құралдарының  көрсеткіші бойынша белгіленеді;

·                   телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы арттырылуының сомасына Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақы белгіленеді.

         Тұрғын үй көмегінің есебін түсіну үшін бекітілген тарифтер бойынша бірнеше мысалдарды қарастырайық (жәрдемақы- әлеуметтік нормалар шегінде есепке алынады):

 

1. Жалғыз тұратын азаматтар өтініш білдіргенде:

 Жалпы көлемі 31,10 ш.м. бір бөлмелі пәтер. Зейнетақы мөлшері                   65711 теңге.Нақты тіркелген және тұрып жатқан бір адам.

1.Коммуналдық қызметтерді төлеуге айлық жиынтық табыстың үлесі 65711тг*8%=5256,88 тг құрайды.

         2.Отбасының коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарының әлеуметтік нормалар шегінде 7987,60тг құрайды, оның ішінде:

2.1.Жылыту жүйесі - 92,78*31,10=2885,46тг

2.2.Ыстық су  – 919,67тг

2.3.Су суық – 460,94тг

2.4.Кәріз – 258,06тг

2.5.Электроэнергия - 14,36теңге * 107 квт. = 1536,52тг

2.6.Эксплуатациялыққызметтер– 36,50тг*31,10=1135,15тг

2.7.Қоқыс шығару– 152,41тг

2.8.Телефон үшін абоненттік төлем – 639,39 тг

         Тұрғын үй көмегінің сомасы  7987,60-5256,88= 2730,72тг құрады.

 

2. Көп балалы отбасы өтініш білдіргенде:      

  Жалпы көлемі 60,0 ш.м. үш бөлмелі пәтер. Отбасының жиынтық табысының мөлшері 117724 теңге (2топтағы мүгедектігі бойынша- 47220тг.,арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 10504тг., еңбек ақы – 60000тг). Нақты тіркелген және тұрып жатқан 6  адам.

           1. Коммуналдық қызметтерді төлеуге айлық жиынтық табыстың үлесі 117724тг*8%= 9417,92 тг  құрайды.

            2.Отбасының коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары әлеуметтік нормалар шегінде  22732,67 тг құрайды, оның ішінде:

2.1.Жылыту жүйесі – 92,78*60,0=5566,80тг

2.2.Ыстық су  – 919,67тг*6=5518,02тг

2.3.Су суық – 460,94тг*6=2765,64тг

2.4.Кәріз – 258,06тг*6=1548,36тг

2.5.Электроэнергия - 14,36тенге * 250квт. = 3590,00тг

2.6.Эксплуатациялыққызметтер– 36,50тг*60,0=2190,00тг

2.7.Қоқыс шығару– 152,41тенге*6=914,46тг

2.8.Телефон үшін абоненттік төлем – 639,39 тг

         Тұрғын үй көмегінің сомасы 22732,67-9417,92 = 13314,75тг құрады.

3. Пешпен жылытылатын үйлерде тұратын азаматтар өтініш білдіргенде (жылу беру мерзіміне):

Пешпен жылытылатын тұрғын үй (жалпы ауданы 58,5 ш.м.). Отбасының жиынтық табысының мөлшері 102473теңге (еңбек ақы - 80000тг., 5-ші бала күтіміне арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 22473тг.) .Нақты тіркелген және тұрып жатқан 7  адам.

         1. Коммуналдық қызметтерді төлеуге айлық жиынтық табыстың үлесі 102473тг*8%=8197,84тг  құрайды.

 

2.Отбасының коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары әлеуметтік нормалар шегінде  32801,48тг құрайды оның ішінде:

2.1.Норматив бойынша қатты отын (1т көмірдің құны-18000тг) - 24219тг

2.2.Суық су– 460,94тг*7=3226,58тг

2.3.Электроэнергия - 14,36теңге * 250квт. = 3590,00тг

2.4.Қоқыс шығару– 160,93теңге*7=1126,51тг

2.5.Телефон үшін абоненттік төлем – 639,39 тг

Тұрғын үй көмегінің сомасы 32801,48-8197,84тг= 24603,64тг    құрады.

 

1 шаршы метр алаңға қатты отынды тұтыну мөлшері:
- 1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін: 1-2 қабатты үйлер -             161 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 98 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде);
- 1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін: 1-2 қабатты үйлер -  125 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 72 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде).

 

 

Отбасының тұрғын үй көмегіне құқығын анықтау үшін, үй иесі (жалдаушы) немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы   «ХҚКО» департаментінің Балқаш қаласы бөлімі (Бөкейханов к-сі 20А) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz                        веб-порталы арқылы жүзеге асыра алады.

 

 

 

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ