2019 жылғы 12 қарашада «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КМУ мамандары Саяқ кентіндегі «Горняк» клубында тұрғындармен кездесу өткізді, оның барысында:

-2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері;

- көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының енгізілуі;

- тұрғын үй көмегін ұсыну;

- әлеуметтік қызметтер порталын енгізу;

-«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.