Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2017 жылғы 25  желтоқсандағы «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №446 бұйрығына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:  

 «Мүгедектерді  санаторий-курорттық емдеумен  қамтамасыз ету».

Аталмыш мемлекеттік қызметтерді Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде:

1) нысан бойынша өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынады.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;

2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау электрондық кезек тәртiбiнде, жеделдетіп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, «1414», 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.enbek.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kzинтернет-ресурстарында орналастырылған.

Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы: Балқаш қ., Бөкейханов к-сі,  20а,  телефон: 8(71036) 68349, 68347,68398.

көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы:  Балқаш қ., Уалиханова к-сі, 5, каб.№6,телефон 8(71036) 42325.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметы

         «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметі  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №279 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

         Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

         1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

         2) «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) асырылады.

         Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
         1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

         2) банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;

         3) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті), болған кезде – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

         Егер осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.

         Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1)           Мемлекеттік корпорацияға:Бөкейханов к-сі 20а,  телефон: 8(71036)68349, 68347,68398, электрондық поштаның мекенжайы: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript .

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

2) Көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері: Уәлиханов к-сі, 5,  телефон: 8(71036)42325, факс: 8(71036)41411, электронды поштаның мекен-жайы: blh_ozs@mail.гu, Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript . 

         Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiнен басқа, сағат 13.00 бастап 14.30 дейiнгi түскi үзiлiспен 9.00 бастап 17.30 дейiн күн сайын.

        

 

 «Балқаш қаласының

жұмыспен қамту

және  әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ