Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың ыңғайлылығы және көрсетілетін қызметтер мен техникалық оңалту құралдарының сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызметтер порталын әзірлеп, енгізетін болады.

Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Мемлекет тарапынан техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің құнын өтеу тетігі көзделеді. Портал тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша ақы төлеу мүмкіндігін қарастырады.

Жалпы әлеуметтік қызметтер Порталы 5 үдерісті цифрлауды көздейді:

1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

2) техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;

3) ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;

4) жеке көмекшінің қызметін көрсету;

5) санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 бизнес-үдерістің 2-ін порталға ауыстыру жоспарлануда: бұл арнайы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімдеуді талап етпейтін техникалық оңалту құралдарының (ТОҚ) 24 түрімен қамтамасыз ету.

Қалған процестерді 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ендіру жоспарлануда.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы оңалту тауарлары мен қызметтері баламалы негізде – Портал арқылы және қолданыстағы тетіктер арқылы көрсетілетін болады.

Әлеуметтік қызметтер Порталына толық 2021 жылдан бастап өту жоспарлануда.

Әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер үшін салық берешегін, банкроттықты, әділетсіздікті болдырмайтын талаптар қойылатын болады.

Өнім берушілер міндеттемелерін тиісінше орындалмаған, жосықсыз болған жағдайда оларды әлеуметтік қызметтер Порталынан алып тастау бойынша шаралар көзделетін болады.

Бұл адал бәсекелестікті арттырады және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін жеткізуге қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

Порталды енгізу ұсынылатын техникалық оңалту құралдары мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, техникалық оңалту құралдары мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

2019 жылдың 1 қарашасынан бастап портал пайдаланушылары үшін 1411 нөмірі бойынша call-center жұмыс істейді.

Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелу мақсатында барлық мүгедектігі бар адамдар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-на электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) шығару қажет.