2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-Портал) іске қосылып, мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарға(бұдан әрі -ТОҚ) және урнаулы әлеуметтік қызметтерге өз бетінше тапсырыс бере алады.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйсін енгізу мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасынжақсартудың Ұлттық жоспары аясында қарастырылған.

Мүгедектерді оңалту құралдарына: протездік- ортопедиялық,сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сонда-ақ арнаулы жүріп-тұру құралдары жатады. Арнайы әлеуметтік қызметтер: жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлардың қызметтерін қамтиды.

Бүгінгі күні ТОҚ және жоғарыдағы қызметтер мемлекеттік сатып алу аркылыұсынылады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту,қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.

Порталдың енгізілуі оңалту қызметтеріне қажеттілікті айқындайды. Ең бастысы, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарының қызмет алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мәселеллерін шешеді, себебі мүгедектер қажетті құралдар мен қызмет түрлерін өздері таңдай алады.

Порталды енгізу нәтижесінде ТОҚ және арнаулы әлеуметтік қызметтерді проактивті формат арқылы тағайындау бизнес-процесстерінің мерзімін 1-2 аптаға дейін қысқарады.

Мүгедектігі бар азаматтардың ұсыныстарына сәйкес техникалық құралдармен оңалту қызметтерінің белгілінген бағаларын өтеумеханизмі қарастырылған. Бұл анағұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау барысында порталда қосымша төлем жасау функциясы қолжетімді болатындығын білдіреді.

Сонымен қатар, сертификаттары бар мамандар кеңінен қолжетімді болады, ал медициналық әлеуметтік мекемелердің бірынғай тізілімінде барлық медициналық әлеуметтік мекемелердіңжабдықталуы мен жүктелуі ескеріледі.

Порталдың іске қосылуы оңалту құралдары мен қызметтер, үйден «бір терезе» арқылы уақытылы , әлеуметтік көмек алу, сонымен қатар жеке қажеттіліктерді есепке алу, өнім берушілер мен қызмет көрсетушілер, әлеуметіік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Бұл адал бәсекелестікті арттырады және оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруда әлеуетті өнім берушілердің қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.