2019 жылғы 22 қазанда әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік – еңбек қатынастарды реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста, ағымдық мәселелерден басқа, жоспардан тыс әлеуметтік-еңбек қатынастарының мәселелері қаралды. Атап айтқанда «Балқашсүт» ЖШС және «Балхаш Су» КМК еңбекақы бойынша берешектерді төлеу жөніндегі қолданылып жатқан шаралар туралы.

Қалалық үшжақты комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.