Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, 2019 жылдың 29 тамызы күні 40 мүмкіндігі шектеулі балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге Балқаш қаласының С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасына саяхат ұйымдастырылды. Кітапханаға келген балалар кітапхана тарихына қызығушылықтарын танытып, кітапхана құндылықтарымен танысып қайтты.