«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі 2 тамыз 2019 жылы «Денсаулық күні» қарсаңында Балқаш көлінің жағалауында 40 мүмкіндігі шектеулі балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге арнап «Күн, таза ауа және су – біздің сүйікті достарымыз» атты дене шынықтыру және сауықтыру мақсатында іс шара өткізді.

Осы күні балаларды жағалауда өзен, көл патшасы «Нептун», су періштелері және қарақшылар қарсы алды. Бағдарламаға суда және құмда ойнайтын ойындар енгізілді. Бөлімше қамқорлығындағылар таза ауада күннің астында ойнап, жаттығулар жасап, көлде шомылып, құмнан әртүрлі заттар жасап, белсенді қимыл қозғалыспен өздерінің көтеріңкі көңіл күйлерін көрсете білді.

Іс шара соңында мерекені ұйымдастырушылар қатысушыларға тәттілер таратты.