Конкурс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының» келесі мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткізіледі:

- әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;

- салауатты адамдардың қуатты ұлты;

- жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.

Байқаудың мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобаларымен қамтылған адамдарға ұсынылатын қызметтерді қоса алғанда әлеуметтендіруге, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, іріктеу, көтермелеу және ілгерілету болып табылады.

Конкурстың негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау және іріктеу;

2) «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларын тиімді іске асыру үшін үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды масштабтау, сондай-ақ бастамашыл әлеуметтік жобаларда қолданылған үздік тәжірибелерді кеңінен тарату;

3) өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнестің және азаматтардың күшін біріктіру.

Конкурс комиссиясы келесі өлшемдерді ескере отырып отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды:

- жобаны іске асыру мерзімі;

- жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы;

- жобаның қол жеткізілген нәтижелері;

- ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

- қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдықтар, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

- аумақтық қамту (жобаны масштабтау);

- қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарды қоса алғанда тұрғындарды қамту үлесі.

Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі:

- әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;

- әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;

- бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

- мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

- қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және/немесе орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі - Бөлімдер)немесе «Nur Otan»партиясының «Қоғамдық бастама» – www.qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы (бұдан әрі - Портал)арқылы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей ұсынылады.

Ұсынылатын мәліметтерге қойылатын талаптар:

- ұсынылған презентациялық материалдарды қазақ және орыс тілдерінде (логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация)сапалы рәсімдеу;

- 2-қосымшаға сәйкес техникалық талаптарға сәйкес презентация ұзақтығы 3 минутқа дейінгі бейнеролик әзірлеу.

Бөлімдерде өтінім қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен үш жұмыс күні бұрын тоқтатылады.

Өткен конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан жобалар, сондай-ақ іске асыру мерзімі бір жылдан аз жобалар конкурсқа қатыстырылмайды.

Конкурс аумақтық, өңірлік және республикалық үш кезеңде өткізіледі.

Конкурстың аумақтық кезеңінде аумақтық конкурс комиссиялары жанындағы жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

- ағымдағы жылғы 10 тамыздан кешіктірмей конкурс комиссиясының отырысын ұйымдастыруды және әрбір бағыт бойынша үздік жобаларды айқындауды қамтамасыз етеді;

- ағымдағы жылғы 18 тамыздан кешіктірмей конкурс қорытындыларын шығару, аумақтық кезеңінің қатысушыларын құрметтеу және жеңімпаздарды марапаттау бойынша салтанатты рәсімін ұйымдастырады;

Конкурстың аумақтық кезеңінің қатысушылары дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Конкурстың өңірлік кезеңіне аумақтық конкурстарда іріктелген жобалар қатысады.

Конкурстың өңірлік кезеңінде өңірлік конкурстық комиссиялар жанындағы жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

- ағымдағы жылғы 25 тамыздан кешіктірмей конкурс комиссиясының отырысын ұйымдастыруды және әрбір бағыт бойынша үздік жобаларды айқындауды қамтамасыз етеді;

- ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей конкурстың өңірлік кезеңінің қатысушыларын құрметтеу рәсімін ұйымдастырады;

Өңірлік конкурс қорытындылары бойынша іріктелген жобалар конкурстың республикалық кезеңінің қатысушылары болып табылады.

Конкурстың республикалық кезеңінде Орталық конкурс комиссиясы жанындағы жұмыс тобы:

- Порталда интернет дауыс беруді өткізуді қамтамасыз етеді;

- ағымдағы жылғы 25 қазаннан кешіктірмей Орталық конкурс комиссиясының отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Интернет дауыс беру Порталда 20 қыркүйек – 20 қазан кезеңінде өткізіледі.

Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша интернет дауыс беруде ең көп дауыс жинаған жобалар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Орталық конкурс комиссиясы ағымдағы жылғы 25 қазанға дейін конкурстың бес бағыты бойынша үздік жобаларды анықтайды.

Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойыншабес бағыт бойынша үздік деп танылған жобалар әр номинация бойынша 2 000 000 (екі миллион)теңге сомасындағы ақшалай сертификаттармен көтермеленеді.

Орталық конкурс комиссиясы мүшелерінің және конкурс демеушілерінің бастамасы бойынша арнайы жүлделер мен номинациялар белгіленуі мүмкін.

Конкурстың республикалық кезеңініңқатысушылары дипломдармен және конкурс ұйымдастырушыларынан естелік сыйлықтармен марапатталады.

Анықтама және өтінімді ұсыну үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласуларыңыз сұралады. Мекенжайымыз: Уәлиханов к-сі, 5 №6 кабинет, тел.42325.

Электрондық поштаның мекенжайы: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript .

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9-00 ден 18-30, түскі үзіліс сағат 13-00 ден 14-30 дейін, демалыс күндерінен (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа.

 


Қосымша