ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 2016 жылдан бері еңбек әулеттері мен өндіріс еңбеккерлері арасындағы «Еңбек Жолы» республикалық байқауын тағайындады.

Байқау мұраты - қазақстандықтардың бойында ел экономикасының дамуына айтарлықтай еңбек сіңірген отандастарының жетістігіне мақтаныш сезімін ояту. Байқау үш номинациядан тұрады: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады;

2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдауға өтініштер «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – де жүргізіледі (Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5, каб. 3, анықтама үшін телефон: 4-60-68.

Барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымын осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.

  

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ