«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2019 жылдың

1-ші жартыжылдығына есебі

Балқаш қаласының әлеуметтік портреті

 

Атауы

01.07.2019ж.

 
 
 

Халық саны (адам)

(2018 жылғы статистикалық деректер)

79167

 

Жұмыс күші(адам)

38971

 

Жалдамалы қызметкерлер

34296

 

Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық,

оның ішінде

(нәтижелі + нәтижесіз жұмыспен қамтылған)

2804

 

Жұмыссыз халық, (чел.)

1871

 

Есептелген жұмыссыздық деңгейі, %

4,8

 

Жұмыспен қамту қызметінде тіркелген жұмыссыздар саны, адам

292

 

Өтініш білдірген азаматтардың саны

1209

 

Жұмысқа орналастырылды, адам

852

 

Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, адам

18

 

Жастар тәжірибесіне жолданды, адам

14

 

Қоғамдық жұмыстарға қатысты, адам.

293

 

Оралмандар саны:

   

Отбасы саны

12

 

Адам саны, оның ішінде:

18

 

Жұмыс істейтіндер

12

 

Студенттер

4

 

Мектеп жасындағы балалар

2

 

Зейнеткерлер саны (адам.)

11344

 

ҰОС-ның қатысушылары саны

4

 

Ауған соғыс қимылына қатысушылар саны

59

 

Чернобыльдағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар саны

36

 

Мүгедектер саны -

3834

 

оның ішінде, 16- жасқа дейінгі мүгедек балалар саны

231

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны

   

отбасы

207

 

алушылар, адам

1061

 

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек), алушылардың үлес салмағы,%

19,3

 

Тұрғын үй көмегін алушылар саны, отбасы

297

 

Үйде оқитын мүгедек - балалар саны

32

 

 

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу:

Қалада халықты жұмыспен қамту сұрақтары халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Кешенді жоспарын іске асыру аясында шешіледі.

Балқаш қаласы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бекітілген Кешенді жоспарға (әрі қарай – Кешенді жоспар) сәйкес, 2019 жылға 2752 адамды қамту жоспарланған.

Жыл басынан бастап жұмысқа орналасуға 1209 адам өтініш білдірді.

Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша Кешенді жоспарды іске асыру аясында 1289 адам халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, оның ішінде:

852 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды немесе өтініш білдірген азаматтардан 68,8% ;

18 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;

14 адам – жастар практикасына орналастырылды;

293 адам – қоғамдық жұмысқа жіберілді.

 

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»бірінші бағыты аясындакадрларды қайта даярлауға 123 адам жоспарланып, 72,1 млн.теңге бөлінді.

Жыл басынан бастап үш айлық қысқа мерзімді курстарда 114 адам немесе жылдық жоспардан 54,3% (жоспар – 210 адам), (оның ішінде 47 адам - жастар, 7 адам – мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, 4 адам – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, 1 адам – АӘК алушы) келесі мамандықтар бойынша оқудан өтуде:

 

Оқу орны

Мамандық

Оқуға жолданғандар

(адам)

Оның ішінде оқуды аяқтағандар

21

«Балқаш қаласының сервис колледжі»КММ

аспазшы (3 ай)

13

аяқталу мерзімі 11.09.2019

шаштараз (3 ай)

25

аяқталу мерзімі 11.09.2019

22

«Р.Кошкарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» КММ

электржөндеуші (3 ай)

24

аяқталу мерзімі

24.07.2019

11.09.2019

электргазбендәнекерлеуші

(3 ай)

29

аяқталу мерзімі

24.07.2019

11.09.2019

сылақшы (3 ай)

6

аяқталу мерзімі

14.08.2019

автокөлік жөндеуші (3 ай)

7

аяқталу мерзімі

14.08.2019

краншы(3 ай)

10

аяқталу мерзімі

14.08.2019

 

БАРЛЫҒЫ

 

114

13

(13 чел. оқудан шығарылды)

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыт аясында жыл басынан бастап жалпы сомасы 70 млн. теңге көлемінде «Халық Банкі» АҚ-на 7 әлеуетті қатысушылардың құжаттары қарастырылуға жіберілді. Жалпы сомасы 26 млн. теңге көлемінде 3 микрокредит берілді.

- «Зере» ЖШС – «Коммерциялық ғиимаратты сатып алу» жалпы сомасы 11 млн. теңге;

- «Алтын Арна» ЖШС – «Айналымдағы қаражатты толықтыру» жалпы сомасы 8,0 млн. теңге;

- «Жанбырбаева» ЖК - «Коммерциялық ғиимаратты сатып алу» жалпы сомасы 7,0 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың шілде айында берілу шартымен 1 жоба - «Логистик Гарант» ЖШС - «Манипулятор сатып алу» 7,0 млн. теңге көлемінде қолдау алды.

Жалпы сомасы 34,0 млн.теңге көлеміндегі қалған 3 жоба Алматы қаласының «Халық Банкі» АҚ – ның бас кеңсесінде қарастырылуда.

«Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ Қарағанды бөлімшесі арқылы Саяқ және Гүлшат кенттерінің 6 тұрғынына микрокредит беру үшін жалпы сомасы 19,5 млн.теңгеге көлемінде қаражат бөлінді.

Өз кәсібін ашу мақсатында микрокредит алу үшін Саяқ кентінің 3 тұрғыны (тұшпара цехы, малшаруашылығын дамыту) және Гүлшат кентінің 2 тұрғыны (малшаруашылығын дамыту) ниет білдірді. Қазіргі уақытта бағдарламаның 4 әлеуетті қатысушысы құжаттар жинауда.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге жалпы сомасы19,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

- 100 АЕК дейін (252000 теңге)- 5 адам (1,3 млн.теңге)

- 200 АЕК дейін (505500 теңге) – 25 адам (17,7 млн.тенге), соның ішінде көпбалалы отбасылар 10 адам және жастар 15 адам.

Грантты алудың негізгі шарты «Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өту болып табылады.

Ағымдағы жылдың 6 маусымында «Қазақмыс корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖМ «Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды. Көпбалалы аналар (8 адам), жұмыссыздар (5 адам), жастар (4 адам) , мүмкіндігі шектеулі азаматтар (1 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар (1 адам) арасынан 19 адам оқытуға жолданды. Аяқталу мерзімі 06.07.2019ж.

«Еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшінші бағыты аясында республикалық бюджеттен 99,6 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

-16 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға – 5,0 млн.теңге;

-50 адамға жастар тәжірибесін ұйымдастыруға – 18,9 млн.теңге;

-518 қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға – 75,7 млн.теңге.

Қаланың 50 кәсіпорындарымен және ұйымдарымен ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуге келісім шарттар жасалды. Қоғамдық жұмыстарға 293 адам немесе жылдық жоспардың 56,2% (жоспар 518 адам) жіберілді.

Жылдың басынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына 18 адам немесе жоспардың 112,5% (оның ішінде жастар – 3 адам, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар – 3 адам, АӘК алушы – 1 адам) жіберілді.

Ағымдағы жылдың 1-ші ақпан айынан бастап 2016-2017 ж. ЖОО және ОКОО түлектері арасынан жастар тәжірибесіне 14 адам немесе жылдық жоспардың 28% (жоспар 50 адам) жіберілді.

01.07.2019ж. жағдайға жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар саны – 302 адам құрайды.

 

оның ішінде нысаналы топтар бойынша:

-жастар – 147 адам (48,6%);

-50 жастан асқан әйелдер – 48 адам (15,9%).

білімі бойынша:

-жоғары білімді – 31 адам (10,3%);

-арнаулы орта білімді – 123 адам (40,7%);

-жалпы орта – 104 адам (34,4%);

-негізгі жалпы – 44 адам (14,6%).

мамандығы бойынша:

-69 адам немесе 22,8% экономикалық білімі бар (бухгалтер, экономист, қаржыгер, менеджер);

-38 адам немесе 12,7% - заңгер білімі бар (заңгер, құқықтану);

-14 адам немесе 4,6% - педагогикаалық білімі бар – (бастауыш пәнінің мұғалімі, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі);

-8 адам немесе 2,6% - ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, компьютерлік техника операторы, техник-жүйе технигі);

-7 адам немесе 2,3% - техникалық білім (ақпараттандыру және басқару металлургиясы).

-111 адам немесе 36,8% - өзге мамандықтар (іс-қағаз жүргізуші, хатшы);

-44 адам немесе 14,6% -мамандықтары жоқ.

 

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қаланың 12 кәсіпорындары мен ұйымдарында 159 (жоспар – 265) немесе жоспарланған көрсеткіштен 60 пайыз жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 85 - тұрақты және 74 - уақытша.

01.07.2019 ж. қаланың 93 кәсіпорындары мен ұйымдарынан 600-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Сұранысқа ие мамандар бірі: арнаулы пәндердің оқытушылары, құрылысшылар, электржөдеушілер, қызмет көрсету секторына жұмыскерлер және бірқатар басқа мамандықтар. Сонымен қатар, Қарағанды-Капчагай автожолының құрылыс жұмыстары жоспарлануда. Мердігерлік ұйымынан бос жұмыс орындары бар. Есептік кезеңге 257 астам бос жұмыс орындары түсті. Қазіргі уақытта автожолдарды жөндеуге 109 адам жұмысқа орналасты .

Еңбек нарығының талдауы, барлық жекеменшік формалары бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс күштері жоғарғы квалификациясы, жұмыс тәжірибесі және жұмыс өтілі бойынша мамандықтарына өтініш білдіреді.

Халықты жұмыспен қамту орталығымен жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерін Электрондық еңбек биржасына тіркеу бойынша ақпараттық – түсіндірмелі жұмыстары жалғасуда. Электрондық еңбек биржасында барлық жұмысқа орналасқандардың 60,3% (513 адам) жұмысқа орналастырылды (жоспар 30 %

Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу туралы ақпараттандыру мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығымен қаланың халық арасында үйлерді аралау тұрақты түрде жүргізіледі. 51 адам немесе жылдық жоспарынан 44,3 пайыз БЖТ төленді (жылдық жоспар 115 адам).

"Зере" сауда үйінде және "Рухани жаңғыру" мәдени-танымдық орталығында, халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналастыру пунктері жұмыс істейді, онда Бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша кеңестер берілді және тұрақты жұмыс орындарына - 101 адам орналастырылды; 45 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілді; 51 адам - қысқа мерзімді курсқа жіберілді; 6 адам – жастар тәжірибесіне жіберілді; 5 адам – микрокредит алуға беруге ниет білдірді; 28 адам – грант (100 АЕК дейін) алуға ниет білдірді; 95 адам – кеңес алды.

Аз қамтылған азаматтарды, ардагарлерді, мүгедектерді әлеуметтік қолдау

2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға 1061 адам санымен аз қамтылған 207 отбасы, бұл қала бойынша кедейліктің 1,3 пайызын көрсетеді (2018ж.1жартыжылдығына 112 адам санымен 24 отбасы).

2019 жылдың 1 жартыжылдығында әлеуметтік көмекке 805 адам жүгінді.

-Атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 42972,4 мың теңге, 1061 адам санымен аз қамтылған 207 отбасыға көрсетілді. АӘК орташа мөлшері 6750 теңгені құрады.

Бұл ретте, «Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек), алушылардың үлес салмағы» нысаналы индикаторы 2019 жылдың 1 жартыжылдығына 19,3 пайызды құрады, 2018 жылдың салыстырмалы мерзіміне бұл көрсеткіш 1,7 пайызға төмендеген (2018ж.1 жартыжылдығы-21,0%, 2019ж.жоспар-22,2%).

- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу - 32өтініш берушіге 543,0 мың теңге, 2018 жылдың салыстырмалы мерзімінен (2018ж.1жартыжылдығы - 27 өтініш беруші 483,8 мың теңге) өтініш берушілердің саны 5 мүгедек балаға көбейді.

- Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде59 адам, мөлшері 10 АЕК (25250теңге) құрайтын, жалпы сомасы 1489,8 мың. теңге (2018ж.1жартыжылдығы- сомасы 889,9 мың теңге 37 адамға) әлеуметтік көмек алды, олардың ішінде:

· амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез»

ауруымен - 13 адам 328,3 мың теңге (2018ж.1жартыжылдығы- 6 адам 144,3 мың теңге);

· операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі

ісік» ауруымен- 39 адам 984,8 мың теңге (2018ж. 1 жартыжылдығы-27 адам 649,4 мың теңге);

· адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және

адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруымен - 7 адам 176,7 мың теңге (2018ж.1жартыжылдығы - 4 адам 96,2 мың теңге);

Бір отбасыға өрттiң салдарынан оның мүлкіне жартылай зиян келтірілуіне байланысты 45 айлық есептік көрсеткіш немесе 113,6 мың теңге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.

-Тұрғын үй көмегі 481 адам санымен 297 отбасыға жалпы сомасы 4146,4 мың теңгеге көрсетілді (2018ж. 1жартыжылдығы - 550 адам санымен 364 отбасыға жалпы сомасы 7159,5 мың теңге).Тұрғын үй көмегі төлемі (3013,1 мың теңгеге) мен алушылардың санының (69 адам санымен 67 отбасына) 2018 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2019 жылғы 1 жартыжылдықта азаюы отбасы табысының өсуі мен үйлерге коммуналдық шығындардың азаюын қалыптастыратын ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарын орнатылуымен түсіндіріледі.

2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында қалалық бюджет қаражат есебінен Наурыз мерекесіне,Наурыз мейрамына,ҚР Отанды қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне 3158 азаматтардың жеке санаттарына, жалпы сомасы 45, млн. теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, ҚХА «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы аясында 3 мыңнан астам мұқтаж азаматтарға,көпбалалы аналарға және аз қамтамасыз етілген азаматтарға жалпы сомасы 6,0 млн. теңгеге 121 іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау.

МЗТО-ның есебі бойынша Балқаш қаласында 3834 мүгедек есепте тұр.

1,2 топтағы 28 жалғыз тұратын мүгедекке 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына күтімге қосымша 353,5 мың.теңгеге үстемақы төленді.

Мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметімен қамтамасыз ету.

116 мүгедек гигиеналық құралдармен,9-ы сурдотехникалық, 29 адам тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді .58 адам санаторлық-курорттық еммен қамтамасыз етілді,91-і ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің қызметтерін алды.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер 343 адамға көрсетіледі, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар саны 151 адам.

Жыл басынан облыстық медициналық- әлеуметтік мекемесіне 7 адам орналастырылды. ( 5 адам –жалпы типтегі инернат үйіне, 2 адам –оңалту орталығына )

Кедергісіз орта құру.

Бейімдеуге жататын 45 нысанның 39-ы бейімделді (оның ішінде 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 6 нысан).

Балқаш қаласының даму Бағдарламасына сәйкес, кедергісіз орта құрудың мақсатты индикаторы 1-ші жартыжылдықта 90,9 %-ға орындалды.

Қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру арқылы қосымша әлеуметтік қызметтер ұйымдастыру.

Әлеуметтік қызметтердің аясын ұлғайту мақсатында, «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» арқылы ардагерлерге және мүгедектерге әлеуметтік такси қызмет көрсетіледі. 1-ші жартыжылдықта 281 азаматқа тегін көлік қызмет көрсетілді, 3033 шақыру қабылданды. Жыл басынан қиын жағдайға түскен тұлғаларды әлеуметтік оңалтуға және бейімдеуге арналған баспанада 21 адам қызмет алды.Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет 5 мүгедек адамдарға көрсетілді.

Мен әлемді танимын» жобасы бойынша 78 мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын қамтыса 48 мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер «Үлкен Жүрек» қоғамдық бірлестігі арқылы арнаулы оңалту қызметтерін алды.

Қала ардагерлерінің өмір сапасын жақсарту.

Қалада Ұлы Отан соғысының 4 ардагері тұрады,оның ішінде – ҰОС-ның қатысушылары- 3адам, ҰОС-ы мүгедегі –1адам, тыл ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар – 698 адам.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау үшін қала әкімі және кәсіпорындармен бекітілген Меморандум негізінде 4 ҰОС-ы ардагері мен 59 Ауғаныстан соғыс-қимыл ардагерлері коммуналдық шығындарды төлеуден босатылған.

Жыл басынан қала әкімінің қатысуымен ҰОС-ы қатысушылары мен қаланың қарт тұрғындарына 18 рет құрмет көрсетіліп, оларға ескерткіш және азық- түлік себеттері табыс етілді.

Комиссия жұмысы:

-өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмекке үміткер тұлғаның өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның 11 отырысы. Қаралған құжаттар бойынша 60 азаматқа оң қорытынды шығарылды.

- 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін бекіту комиссиясы - 2 отырыс өткізді, онда 2 азаматтың құжаттары қарастырылып, оң шешім қабылданды.

-Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі қалалық арнайы комиссиясының 8 отырысында 13 азаматтың құжаттары қарастырылып,12-не оң қорытынды,1-не теріс шешім қабылданды.

 

«Балқаш қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ж.Томпиева