«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі 4 шілде 2019 жылы Астана күнін тойлау қарсаңында М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайының алаңында - «Біз мықтымыз, шыныққан батырмыз» атты 45 мүмкіндігі шектеулі балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге арналған дене шынықтыру және сауықтыру мақсатында іс шара өткізді.

Іс шараға қатысушылар 4 командаға бөлініп, 10 конкурс бойынша жарысты. Бағдарламаға әртүрлі ойындар, денешынықтыру жаттығулары кірді. Балалар жүгіріп, секіріп, таза ауада демалып, өздерінің жеңістеріне, жетістіктеріне қатты қуанды.

Іс шара соңында мерекені ұйымдастырушылар қатысушыларға тәттілер таратты.