«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 29 мамыры күні Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, 20 мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арнап «Стамбул Донерде» мерекелік дастархан ұйымдастырды.

30 мамыр күні «Үлкен Жүрек» БҚҚБ 45 мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік іс-шарасын өткізді.

30 мамыр күні «Балалар қалашығында» 60 мүмкіндігі шектеулі балалар аттракциондарда тегін ойнап, демалды және мерекелік тәттілерді сыйға алды.

31 мамыр күні «Алем Синема» кинотеатрында 60 мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін көрсетілім ұйымдастырылды.