26 сәуір 2019 жылы Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі қарсаңында «Біз –бір халықпыз, біз-бір елміз!» атты мүмкіншілігі шектеулі балалар мен он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мүмкіншілігі шектеулі жандарға әлеуметтік жұмыскерлер және ата –аналарының қатысуымен ұйымдастырылған өте қызықты мереке болды. Мерекеге 5 ұлттың өкілі қатысты, олар қазақтар, орыстар, грузиндер, украиндер және татарлар. Әр ұлттан келген қонақтар ұлттық костюм, салт – дәстүр және ұлттық тағамдар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар мерекеге қатысушылар тақпақтар айтып, ұлттық ойындардан өткізілген жарыстарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күймен өздерінің татулықтарын тағы да дәлелдей түсті.