Заманауи қоғамның негізгі сапа көрсеткіші - адамдарға тең мүмкіндік қарастырылған ортаның қолжетімділігі,  жайлылығы.  Осы себепті мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз ортаны қалыптастыру әрбір демократиялық мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекет басшысымен 2015 жылы «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды, оның басты міндеттері: объектілер мен қызметтердің қол жетімділігі,мүгедектердің тыныс-тіршілігіне тең жағдай жасау болып табылады. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қол қоя отыра, мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеуге және қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар шараларды қабылдау үшін қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдардың нақты тең мүмкіндікті пайдалануын біздің мемлекет өз міндетіне алды.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған ұзақ мерзімді Ұлттық жоспарды орындау  мақсатында Балқаш қаласында көптеген объектілерге түгендеу жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесі  объектілердің  мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімсіз екендігін көрсетті. Осыған байланысты, ғимаратты бейімдеу шараларын (пандус, рельефті-тактилді жолақтар, сілтегіштер орнату, баспалдақтың бірінші және соңғы басқышын ашық түспен бояу,санитарлық-тұрмыстық орында тіреніштер орнату, автотұрақта машина-орын белгілеу) қарастыруыңызды өтінеміз. Объектінің барлық функционалды аймақтары (кіреберіс тобы, қозғалу жолдары және қызмет көрсету аймақтары) қолжетімді, әрі ақпарат пен телекоммуникацияның арнайы құралдары болған жағдайда, нысан мүгедектерге толығымен қолжетімді болып саналады.

Объектілердің қолжетімділігіне қойылатын негізгі талаптар 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген мына құрылыс нормаларында анықталған:

- «Халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» (ҚР ҚН 3.06-01-2011);

- «Халықтың баяу қимылдайтын топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» (ҚР ЕЖ 3.06-02-2012).

Аталған құрылыс нормалары Қазақстан Республикасы 2015 жылы ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның принциптері мен Халықаралық паралимпиялық комитет талаптарын ескере отырып әзірленген.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңмен «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:

- объектiнi жобалау, салу және кейiннен пайдалану процесiнде әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшін қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталмауы сәулет, қала құрылысы және құрылыс заңнамасының бұзушылықтарына жатады. Субъектілердің оларға жол беруі Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауаптылыққа әкеп соғады. 

Мүгедектердің  әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу түріндегі мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Кодексі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 83 бабына сәйкес жауапкершілік нормасы көрсетілген, лауазымды тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілерге - бір жүз жиырма, орта  кәсіпкерлік субъектілерге - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілерге - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Баяндалғанды ескере отырып, бейімделетін объектілердің сапасына назар аудару қажет, себебі мүгедектердің қажеттіліктері үшін сәулеттік ортаны құру қолжетімділік, қауіпсіздік, ақпараттандыру, қолайлылық өлшемдері бойынша жүзеге асырылады.

 

 

 

 

«Балқаш қаласының

жұмыспен қамту

және  әлеуметтік

 бағдарламалар бөлімі» ММ