«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық Өнер мектебінде 2019 жылдың 19 наурыз күні «Наурыз мейрамы» қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған "Көрікті көктем - Наурыз" атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Балалар бір-бірін Жыл басы жаңа жылмен құттықтап, жақсы тілектер, әндер айтып, бәрі бірігіп «Қара жорға» биін биледі. Түрлі ұлттық ойындарды ойнап, тақпақтар мен жұмбақ, жаңылтпаштар айтудан жарыстар өткізілді.

Мереке соңында дәстүр бойынша Кыдыр ата батасын беріп, Ұмай ана наурыз көжеден дәм татуға шақырды

Жеке кәсіпкер Т.Әбілда «Кәусар» дүкені атынан іс-шараға қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратты.

22 наурызда Ленин көшесі бойында 40 мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін түйемен серуендету ұйымдастырылды.