15.02.2019 жылы М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында «Жар птица» драматикалық үйірмесі мүмкіндігі шектеулі балалар мен он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл күні үйірменің жұмыскерлері көрермендеріне арнап «Күлкі ханшайымында қонақта» атты театрландырылған қуыршақ қойылымдарын көрсетті.

Клоундар конкурстар өткізіп, жұмбақтар шешіп, мерекелік қуаныш сыйлады. Көрермендерде мерекеден тыс қалмай, өздерінің өнерлерін би билеп, өлең, тақпақтар айтып, көрсете білді.

Осындай арнайы өткізілген мерекелер балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай және олар мерекелік іс-шараларға үлкен ықыласпен қатысып, атсалысады.