2019 жылдың 23 қаңтарында Балқаш қаласының әкімі А.Аглиулиннің бастамасымен «Зере» сауда үйінде жұмысқа орналастыру пункті ашылды. Пункттің негізгі мақсаты – жастар және жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға, тегін курстарда оқуға және өз ісін ашуға мүмкіндік беретін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналган бағдарламасы жайлы анықтама беру.

Толық анықтаманы Сіздерге жұмыспен қамту орталығының мамандары және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері береді. Жұмысқа орналастыру пунктінде Сіздерге бос жұмыс орындары және бағдарлама мүмкіндіктері жайлы анықтама беріледі.

Жұмысқа орналастыру пункті Ленин көшесі 98 үй, «Зере» сауда үйінде орналасқан. Анықтама телефоны: 65070.