03.01.18-1Жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, жұмысшы әулеттерінің  көпжылдық дәстүрлерін  нығайту мақсатымен 2018 жылдың 26 желтоқсанында М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында «Еңбек Жолы» қалалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі  өткізілді.
«Еңбек Жолы» қалалық конкурсына қатысу үшін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Қазақмыс Энерджи» ЖШС Балқаш ЖЭО, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ филиалының Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясы кәсіпорындарынан  тапсырыс түсті.
 «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша 2 еңбек әулеті, «Жұмыскердің үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 4 тәлімгер, «Үздік жас жұмыскер»  номинациясы бойынша 2 білікті жұмыскер қатысты.

Онлайн дауыс беру қортындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті»  номинациясы бойынша конкурс жеңімпазы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ филиалының Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясы кәсіпорнынан Ыкласбеков Кумарт Капасовичтің отбасы марапатталды.
«Жұмыскердің үздік тәлімгері» номинациясы бойынша                      «Қазақстан Темір Жолы» АҚ филиалының Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясының аға электромеханигі Аубакиров Бауыржан Турарбекович  жеңімпаз деп танылды.
«Үздік жас жұмыскер» номинациясының жеңімпазы болып Қазақмыс Энерджи» ЖШС Балқаш  ЖЭО кәсіпорнының электр слесарі Савин Андрей Константинович танылды.
Барлық «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

03.01.18

03.01.18

03.01.18