Жаңа жылды ғажайып, жұмбақ, қайталанбайтын  сиқырлы деп атап, адамдар тағы бір керемет, ертегі әлемін, жаңа бақыт күтеді. Бұл мереке әрқашан қуанышты алаңдаушылық пен көңілді әсерге толы.

Жаңа жылда сыйлық ретінде жергілікті бюджеттен 234 мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке шоттарына 3000 тенгеден берілді.

Қалалық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25 –ші желтоқсанында жастар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып қала ішінде саяхат өткізілді. Саяхат барасында қаланы аралап, оның тарихымен және мәдениет орындарымен таныстырылды.

Іс-шара соңында әрбір саяхатқа қатысушыларға тәттілер мен сыйлықтар табыс етілді.

Оқушылар сарайында 141 мүмкіндігі шектеулі балалармен Жаңа 2019 жылды қарсы алуға арналған қала Әкімінің шыршасы өткізілді.

Жаңа жыл- ән мен жырдың, күй мен бидің, сахналық көріністер мен қызықты ойындардың мейрамы. Тамаша безендірілген щыршадағы жымыңдаған сансыз от-шамдар аспан әлеміндегі жұлдыздардан аумайды. Мереке соңында балаларға сыйлықтар тапсырылды.

«Ботажан» шағын орталығының ұйымдастыруымен 65 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті. Жаңа жылдық шыршаға мерекелік қонақтар алдында сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен керемет қойылым болды. Мереке соңында барлық балаларға сыйлықтар берілді

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі бөлімінде тіркеуде тұрған 80 мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған жаңа жылдық шырша өткізілді. Барлық балаларға жаңа жылдық сыйлықтар беріліп, оның ішінде тірек-қимылы төмен 14 балаға тұрғылықты мекенжайларына сыйлықтар апарылып, таратылды.

Сондай-ақ, әр түрлі шығармашылық байқаулар, жана жылдық ойын- сауықтар ұйымдастырылды.

Балаларға мерекеге арнайы демеушілік көрсеткені үшін
«Балқаш қаласының өнер мектебі» (Р.Ж.Бакаеваға), «Бөбек» қиім- кешек дүкені (Т.В.Лыскинаға) алғыс білдіреміз.