«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №279 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысандар бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

         1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

         2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.
          Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

          Жұмыс кестесі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, «1414», 8 8000807777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайларыМинистрліктің www.enbek.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жарияланған.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефоны: 8 (7172) 24 07 49,  24 12 91.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: Балқаш қ., Уалиханов к-сі, 5, каб.№6,телефон 8(71036) 42325.

«Балқаш қаласының

жұмыспен қамту

және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ