2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа айлық табысы жан басына шаққандағы кедейлiк шегiнен төмен адамдарға (отбасыларға) ұсынылатын шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.

Атаулы әлеуметтік көмек 32 аз қамтылған отбасының ішінен 133 алушыға орташа мөлшері 3060 теңге көлемінде, жалпы сомасы 4884,0 мың.теңгеге көрсетілді.

Масылдықты болдырмау мақсатымен, шартты ақшалай көмек еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана көрсетіледі.

2018 жылы, шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 9 жұмыссыз азаматтар тартылды, оның ішінде:

1 адам - қысқа мерзімдегі тігінші мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтіп, соңынан жұмысқа орналастырылды;

3 адам - тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды;

2 адам - әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді;

3 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Әлеуметтік бейімдеу шаралары шеңберінде тұрғын үй, мерекелік күндерге бір реттік материалдық көмек түрінде әлеуметтік қолдаулар көрсетілді, сонымен қатар «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-мен өзара ынтымақта, 4 отбасындағы 5 бала мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылды.

Ақпараттық буклеттер жасалынып, қоғамдық жерлерге таратылды, БАҚ-да мақалалар жарияланды, қала телеканалдарында тұрақты түрде ақпараттар беріліп, сюжеттер көрсетілді, әкімдік пен бөлімнің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде бейнероликтер орналастырылды.

«Еңбек нарығы» базасында тұрған жұмыссыз азаматтардың (108 адам) арасында жұмыспен қамту шараларына және әлеуметтік бейімдеуге мұқтаж отбасыларды анықтау үшін үйлерін аралау жүргізілді.

Жыл басынан «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандарымен, оның ішінде ассистент және консультантпен енгізілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек мәселесі бойынша жүгінген 1468 адам санымен 330 отбасыға түсініктеме берілді.

Осылайша, әлеуметтік саясатты қалыптастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді күшейту - мемлекет қабылдайтын кешенді шаралардың ажыратылмас бөлігі болып табылады.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ алуға болады: Уалиханов көшесі, 5, №3,7,12 кабинет, телефон 8(71036)44061,42400.