Қазақстан Президенті өзінің әрбір жолдауында біздің мемлекетіміздің азаматтарына ерекше қамқорлық көрсетеді.

Барлық азаматтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықпен қорғауды нығайту уақыттың аса маңызды міндеті болып қала береді.

Халықтың осал    топтарының   өмір   сүру   деңгейін   көтеру және

әлеуметтік қолдау бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін 2018 жылғы Балқаш қаласының бюджетінде 406,6 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылды, бұл өткен жылға қарағанда 9 пайыз артық.

Біздің қаламыздың халқы 78,8 мың адамды құрайды, бұл жерде Қарағанды облысы халқының 5,7 пайызы тұрады.

Біздің қаламыздың дерек қоры бойынша табысы кедейлiк шегiнен төмен 128 адам тіркелген. Бүгінгі күнге Балқаш қаласы бойынша 849 адам әлеуметтік көмек алды: атаулы әлеуметтік көмекті -128 адам, тұрғын үй көмегін – 595 адам, мүгедек балалардың үйде оқытуға жұмсалған шығындарының өтелуіне әлеуметтік көмекті – 32 өтініш беруші. Өмірлік қиын жағдай туындағанда біржолғы әлеуметтік көмек - 93 азаматқа көрсетілді, оның ішінде: 18 адам амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруымен, 68 адам операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруымен, 7 адам иммунитет   тапшылығы   вирусы барлар. Бір отбасыға өрттiң салдарынан оның мүлкіне жартылай                   зиян келтірілуіне байланысты 45 айлық есептік көрсеткіш немесе 108,2 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа айлық табысы жан басына шаққандағы кедейлiк шегiнен төмен адамдарға (отбасыларға) ұсынылатын шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Әлеуметтік көмек көрсету шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін артты.

Атаулы әлеуметтік көмек 31 аз қамтылған отбасының ішінен 128 алушыға, орташа мөлшері 3180 теңге көлемінде, жалпы сомасы 4884,0 мың.теңгеге көрсетілді.

Масылдықты болдырмау мақсатымен, шартты ақшалай көмек еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана көрсетіледі.

2018 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 9 жұмыссыз азаматтар тартылды, оның ішінде:

1 адам- қысқа мерзімдегі тігінші мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтіп, соңынан жұмысқа орналастырылды, 3 адам- тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 2 адам- әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді және 3 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Бұл ретте, «Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек), алушылардың үлес салмағы» нысаналы индикаторы 25,7 пайызды құрады немесе жоспарлы көрсеткіштен 3,6 пайызға артық (2018ж.жоспар-22,1%).

Қалада 3478 мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрады.Мүгедектердің өмір сүру барысындағы шектеулерді жою мақсатында, техникалық құралдармен қамтамасыз етуді және қажетті әлеуметтік қызметтерді ұсынуды көздеген әлеуметтік оңалту бойынша шаралар қолданады.

Медициналық-әлеуметтік сараптама мекемелері әзірлеген оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, 390 адам жыл басынан протездік-ортопедтік, сурдо-тифлотехникалық,гигиеналық және арнаулы жүріп-тұру оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді. Санаторлық- курорттық емді 77 мүгедек алды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру әрбір дамыған қоғамның маңызды міндеттері болып табылады.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған ұзақ мерзімді Ұлттық Жоспарды жүзеге асыру барысында 2012 жылдан бері қаланың әлеуметтік инфрақұрылымының әлеуметтік маңызы бар 66 нысаны түгенделді, олардың 45-і бейімдеуді қажет етеді. Барлығы 33 нысан бейімделді, оның ішінде ағымдық жылы 6 нысан бейімделді.

Арнайы әлеуметтік қызметтердің жаңа түрінің енгізілуі үкіметтік емес қоғамдардың белсенділігін арттырды.

Үкіметтік емес ұйымдар арқылы өмірлік қиын жағдайға түскен және мүмкіндігі шектеулі адамдарға   қосымша әлеуметтік қызмет түрлерін көрсететін әлеуметтік маңызы бар 6 жоба жүзеге асырылады.

ҰОС-ы қатысушылары мен мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларды   әлеуметтік қорғау мәселелеріне аса көңіл бөлінеді. Қалада 5 Ұлы Отан соғысының қатысушысы және тыл ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар – 746 адам тұрады. Ардагерлерді мерекелік күндерде құттықтау және олардың туындаған мәселелерін шешу мақсатында,олар қала кәсіпорындары мен мекемелерге бекітілген.

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы және Халықты жұмыспен қамтуды жәрдемдесудің кешенді жоспары аясында жұмыспен қамту сұрақтары шешіледі.

Жыл басынан 2877 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды немесе 114% жылдық жоспардан (жоспар 2520адам). 2590 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 1963 адам. «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтары бойынша қысқа мерзімдік қайта даярлау курстарында 238 адам оқудан өтті. Ақысыз кәсіби оқуға ТжКО (техникалық және кәсіби оқыту) арқылы 9 сынып түлектерінен 49 адам «құрылысшы» және «шаштараз» мамандықтары бойынша жолданды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында кәсіпкерлік негіздерінен 8 жұмыссыз азаматтар және «Бизнес-Советник» жобасы бойынша ісін жаңа бастаған 6 кәсіпкер оқытудан өтті. Сондай-ақ, 10,0млн.тенге көлемінде бизнесті кеңейтуге 1 адам микрокредит алды.

Сонымен қатар, Елбасының төртінші әлеуметтік бастамасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Қарағанды филиалы арқылы мал шаруашылығын дамытуға барлығы 16,7млн.тенгеге 5 микрокредит берілді (3 адам Гулшат кенті және 2 адам Саяқ кентінен).

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар бағыттары бойынша жылдық көрсеткіштер толығымен орындалды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 51 адам, жастар практикасына 65 адам және ақылы қоғамдық жұмыстарына 511 адам жолданды.

Есту қабілеті бұзылған мүгедектердің жеке мүмкіншіліктерін ескеріп арнайы техникалық жабдықталған 4 арнайы жұмыс орындары «Хасихан Б.» ЖК, «Балхаш Универсал» ЖШС және «Сервисная компания Энерджи Актив» ЖШС құрылды.

Бейресми еңбек қатынастарын болдырмау және анықтау, жасырын еңбек қатынасын қысқарту, азаматтарды еңбек құқығы жайлы ақпараттандыру мақсатында, енбек саласында «Еңбек шартын жаса!» атты республикалық акция ұйымдастырылуда.

Қалада жұмыс берушілер міндетті зейнеткерлік жарналары және әлеуметтік аударымдарды аудармайтын 7 мыңға жуық анықталды. Негізінен олар құрылыс, сауда, жалпы тамақтану және ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған мамандар. Ең әлсіз санатқа жататындар жастар‑ жұмыс тәжірибесі жоқ оқу орындарының түлектері. Ағымдағы жағдай көрсеткендей, салық органдарындағы есепке тіркелу және есептен шығарудың күрделі ресімдері, көптеген төлем жүйелерінің болуы және салықтық режімді анықтау қиындығы факторлары заңсыз жұмыспен қамтылуға әсер етеді. Заңсыз жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеуді оңайластыру үшін 2019 жылдан бастап Бірыңғай жиынтық төлемі(БЖТ) жүйесі енгізіледі. БЖТ-ны төлеу заңсыз қызметті тіркеп қана қоймай, сонымен бірге, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнеткерлік қамсыздандыру жүйесіне де қатысуға мүмкіндіктер береді. БЖТ жұмыс істеуші барлық Қазақстан азаматтары үшін 4 міндетті төлемнің бір реттік төлеммен ауыстырады. БЖТ төлемшілері үшін республикалық маңызды қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК (2 525 теңге) көлемінде, басқа елді мекендердің тұрғындары үшін АЕК-тің жартысы деңгейінде (1 263 теңге) екі есе төмен табыс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен мөлшерлемелер белгіленген.

Электронды еңбек биржасы жүйесін енгізу бойынша қаланың жұмыс берушілерімен тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде. Жылдың басынан бастап электронды еңбек биржасының порталында қаланың 127 жұмыс берушісі тіркелген, осы порталда 798 үміткер жұмысқа орналастырылды немесе тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санынан (1963 адам) 40,6% құрайды. Бұдан басқа, 483 үміткер өз бетімен тіркелді немесе жоспардан 107% құрайды (жоспар-450 адам).

Елбасының қойылған міндеттерінде, біздермен қаланың және кенттердің халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды жоғарылату, жастарды жұмыспен қамту және толық жұмысқа орналастыру қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.

Біз Мемлекет басшысының «әлеуметтік бағдарламалардан басқа, барлығына үнемдеуге болады» деген нұсқауын есте сақтаймыз. Сондықтан, әлеуметтік көмек көлемі үнемі ұлғайатын болады. Әрбір отбасының, әрбір нақты адамның әл-ауқаты әрқашан басты назарда болады.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

басшысы                                                                             Ж.Томпиева