Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі шаралар ұйымдастырды:

29.11.2018 ж:

-Балқаш қаласының әкімі А.Аглиулин, қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Т.Жуманов және кәсіпорын басшылары ҰОС-ның 5 ардагерінің үйіне барып құттықтау хат, ақшалай конверт (20,0 мың теңге) және гүл табыс етті.

- Мұқтаж 5 мүгедекке көкөніс табыс етілген қайырымдылық акция (ЖК Г.Меркулов).

30.11.2018 ж:    

- Жеке кәсіпкерлерлердің қатысуымен қайырымдылық акция. Дүкендердің иелері аз қамтамасыз етілген 10 азаматқа азық - түлік табыс етті.

Дүкендер:«Достық», «Асем», «Батыр», «Асар», «Гастрономчик», «Батырхан», «Алтын-Дан», «Айза», «Анар», «Бәйтерек».