Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, ағымдағы жылдың 29 қарашасы күні «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - сі үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қызметкерлері «Стамбул донер» кафесінде аса күтімді қажет ететін 12 балаға мерекелік дастархан ұйымдастырды. Балалар дастарқан басында бірге отырып, жақсы демалып қайтты.

2018 жылдың 30 қарашасы күні 30 мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге Балқаш қаласының тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

Мұражайға келген балалар өңіріміздің тарихы және мұражай құндылықтарымен танысты.