2018 жылдың басынан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің бастамасы бойынша «Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясы жүргізілуде.

Акция мақсаты: бейресми еңбек қатынастарын анықтау және болдырмау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек саласында өз құқықтарын білу аясында ақпараттардың деңгейін арттыру.

Ең көп өзекті мәселелердің бірі - еңбек келісім-шарттарын жасамай жұмыскерлердің еңбегін қолдану. Қалада, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы және әлеуметтік төлемдерінсіз жұмыс жасайтын жеті мыңға жуық адам анықталды. Негізінен, бұл құрылыс, сауда-саттық, тамақтану және ауылшаруашық саласын қамтыған мамандар. Ең көп осал санатына жастар-жұмыс тәжірибесі жоқ оқу орындарының түлектері.

«Конвертте берілетін жалақы» біздің өмірімізге көлеңкелі экономика бөлігі ретінде толықтай еніп, қоғам үшін көп деген қиын мәселелерді туғызып отыр.

Егер жұмыс беруші Сізді жұмысқа алып, бірақ Сізбен еңбек-шарт жасаспайтын болса, бұл жағдайда Сіздің еңбек қызметіңіз іс жүзінде заңсыз болып табылады, сондықтан Сізге:

üЕңбек жалақының көлемі тұрақты болмайды, жұмыс берушінің өз қалауы бойынша еңбекақыны төмендетуі мүмкін;

üЖұмыс беруші зейнетақы қорына жарналар аудармайды, болашақта Сіздің зейнетақы көлемінің мөлшеріне теріс әсер етеді;

üӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорына және әлеуметтік аударымдар жүргізілмейді;

üЕңбек кітапшасына жұмыс атқарған кезеңіне жазбалар болмайды;

üБейресми жұмыс кезеңінде жұмыссыз қалған жағдайда сақтандыру еңбек өтілімі есептелмейді, яғни жұмыссыз бойынша көмек төлемдерінің көлеміне әсер етеді;

üАуырған жағдайда еңбекке жарамсыздық парағына ақы төленбейді;

üӨндірісте және немесе кездей соқ науқастанған жағдайда сақтандыру төлемдері төленбейді.

Еңбек шартын жасамайтын жұмыс берушілер үшін де кері әсерлері бар, жасалмаған атап айтқанда Қазастан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 86 бабында айыппұлдар санкциясы қарастырылған.

Республикалық «Еңбек шартын жасаңыз!» акциясына қаланың барлық жұмыс берушілерін белсенді қатысуға шақырамыз!  

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ