Қарағанды қаласында «Үміт сәулесі» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен XIV облыстық спорт және шығармашылық фестиваліне мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер қатысып келді.

Фестивальдың басты мақсаты - мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жастардың қоғамға белсенді араласуына, сахнада өнер көрсету, көрме және спорт түрлері бойынша конкурстарда өздерінің таланттарын, шығармашылықтарын шыңдауларына көмек көрсету.

Сурет және сәнді - қолданбалы өнер конкурсы бойынша 10 мүгедектің шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды.

Қолданбалы өнерден жасаған жұмысы бойынша   Рахимберлина   Мадина   «Мастер класс» номинациясы   бойынша   мадақтама қағазымен марапатталды.

«Жеке би» конкурсы бойынша «Биле» заманауи биімен Игембай Айнұр «Призер» номинациясы бойынша мадақтама қағазымен марапатталды.

Басқа қалаға барып, сахнада өнер көрсету, конкурстарға қатысу және балалармен танысу, пікір алысу үлкен бақыт болып саналады. Бұнда олар сергектікке, энергияға ие болды.