«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің2015 жылғы   28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет өмірлік қиын жағдайда қалған, Балқаш қаласы аумағында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында (Гүлшат, Саяқ) тұрақты тұратын адамдарға әлеуметтік көмек түрінде көрсетіледі.

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көмекке мұқтаждар санатына азаматтарды жатқызу үшін негіз болып табылатындар:

  1.    табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;
  2. амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруы болса;
  3. операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруы болса;
  4. адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса.

            Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1)көрсетілетін қызметті беруші («Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ);

2) ауылдық округ әкімі;

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне:

1) нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

4) нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

5) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

6) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

 порталға:

әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш;

      мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, мүгедектікті растайтын құжаттың, адамда әлеуметтік маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

           

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні.

Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады, мекенжайы: Уалиханов көшесі, 5, №3,7 кабинет, телефон 8(71036)44061.