Мемлекеттік қызмет қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» №55/415 шешіміне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2018 № 467 бұйрығымен өзгеріс енгізілді) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Балқаш қаласында және іргелес кенттерде (Гүлшат, Саяқ) тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.

Отбасының тұрғын үй көмегін алу құқығын анықтау үшін басты негіз, отбасының жиынтық табысы және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары болып табылады.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде, коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының төлеу сомасымен белгіленген отбасының аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі және барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап, ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындалады.

Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi, жалпы сома есебімен отбасының жиынтық табысына 8 пайыз мөлшерде белгіленеді және осы мөлшер аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсетудің өлшемі болып табылады.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1)«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) арнайы нысан бойынша өтініш;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) отбасының кірісін растайтын құжаттар;

4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

6) банктік шоты;

7) тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

10) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

3) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

4) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

5) банктік шоттың электрондық көшірмесі;

6) тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың электрондық көшірмесі;

7) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшірмесі;

8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;

9) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Порталға өтініш берген кезде, мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі– тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

 

Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады, мекенжайы: Уалиханов көшесі, 5, №3,7 кабинет, телефон 8(71036)44061.