2018 жылдың 5 қазан айында «Балқаш қаласының жалпы білім беретін №8 орта мектебі» КММ-нің оқушыларымен бірігіп, 65 мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге «Алтын күз» атты   іс-шарасы   ұйымдастырылды.

Мерекеге қатысқан балалар жағымды әсер алып, тәтті сыйлықтар берілді.

Балаларға мерекеге арнайы демеушілік көрсеткені үшін
«Бөбек» қиім- кешек дүкені (Т.В.Лыскина), Истамбул «Донер» (А.О. Арымбекова), «Балқаш қаласының жалпы білім беретін № 8 орта мектебі» КММ (А.Т. Токейбекова) алғыс білдіреміз.

2018 жылдың 11 қазан айында мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған IX қалалық «Жан шуағы» фестиваліне 6 мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер қатысады.

«Менің қызықты әлемім» атты көрмесінде 2 мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыстары қойылады.

2018 жылдың   7-сі мен 9-шы  қараша айы аралығында Облыстық XIV мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың фестивальіне қатысу жоспарлануда.

Сурет және сәнді - қолданбалы өнер конкурсы бойынша 10 мүмкіндігі шектеулі адамның шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылады.

Балқаш қаласынан көркемөнерпаздар конкурсы бойынша жеке ән айтуға және жеке би билеуга 2 адам қатысады.