Жолдау - жарқын болашақ кепілі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауларында білім беру ісі мен жастар мәселесіне ерекше ықылыс білдірді. Бұл аталған білім саласы елімізде аса маңызға ие екендігін білдіреді. Алдағы сан жылдарға бағыт-бағдар беретін Жолдауда өскелең ұрпақты саналы, тәрбиелі, және патриоттық рухта тәрбиелеу жолында педагог қызметкерлердің 2019 жылы "Педагогтардың мәртебесі" туралы заң әзірлеп қабылдау қажет екенін айтты. "Біріншісі, жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы өсті. Екіншісі, мұғалімдердің санатына қарай педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санатына 30%-дан 50%-ға дейін үстемақы қосылды. Мұның бәрі - білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білім мен қайраты мол болу керектігі және олардың тынымсыз еңбектерін бағалап, жағдайларын жақсарту мақсатында жасалып отыр. Ұстаз-ел болашағын сеніп тапсыратын, тәуелсіз Қазақстанның әрбір аймағына үлес қосатын өскелең ұрпақты тәрбиелейтін ұлы тұлға. Сондықтан да ең ұлық мерекемен қатар келген Елбасының Жолдауы - педагог қауымдар үшін мәртебесін жігерлендіретін кемел қадам болмақ.

Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы

«Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, №15 мектеп лицейінің директоры

 

Жарқын болашаққа жол салған жолдау

Бүгін «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» ұжымымен, қала жастарымен бірге Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауын тыңдадық. Жолдау, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Президент келесі 2019 жылды «Жастар жылы» болып жариялап, ел болашағын – жастарға тапсырды. Бұл, жастарға өкімет тарапынан жан-жақты көмек пен қолдау болады деген сөз. Мен, мыс өңірі – Балқаш қаласының жас азаматы болғандықтан, Президентіміздің жаңа жетістіктеріне қуанамын. Қазақстан халқы біліктілігін әлем мойындайтындай білімді ұлтқа айналуы керек. Біздің болашағымыздың айқындылығы қазіргі жастар қолында болғандықтан Балқаш қаласының жастары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыс атқаруда. Біз Қазақстанның жастары, Президентіміздің саясатын қолдаймыз, әрі осы жолдаудың тәжірибеде қолданысқа ену жолында қажымай жұмыс атқаратын боламыз.

Сонымен қатар, жолдауда Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру,білім, ғылым, медицина саласына аса назар аударылғаны. Тағы қуантарлық мәселе, келесі жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылданады. Бұл Заң - білім беру саласындағы айқындалған біраз мәселелерді шешетіні айғақ. Біздің балаларымыз – әлемнің балаларымен теңесуі керек. Біз – Қазақстанның өрендері, өз Президентімізге сенеміз! Ұлт болашағы үшін терімізді төгеміз!

 

 

 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы Қазақстандықтардың табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға арналады.

Арнайы мәлімдемеде Елбасы еліміздегі маңызды проблемаларды атап өтті. Соның ішінде ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыру; мұғалімнің мәртебесі; жоғары білімнің қолжетімділігі; медицинаны арнайы заманауи құралдармен жабдықтау; дәргіер, мұғалім, полицейлерді баспанамен қамтамасыз ету; жолдарды жақсарту т.с.с. Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін осы міндеттермен жұмыс жасауымыз қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Елбасымыз айтқандай әрқайсымыз бөлек-бөлек емес бірігіп жұмыс жасасақ алда қойған мақсаттарға тез жетеміз.

 

Келесі жыл – Жастар жылы! Біз жастар арқылы еліміздің қандай деңгейде екенін көрсете аламыз! Себебі жастар – мемлекетіміздің болашағы! Мүмкіндігінше қандай іс-шара өткізсекте Елбасымыздың қолдау көрсететінін біле тұра, келер жыл ауқымды жұмыс жасауға дайынбыз!

 Балқаш қаласының жастар

ресурстық орталығының маманы Амантаев Ж

 

 

Жастармен бірге жаңа белестерге

Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауын тыңдап, ерекше әсер алдым. Бұл жалпы қоғамның, яғни халықтың дамуына үлкен өзгеріс еңгізетініне сенімдімін.Жалпы айта өтсек бұл жолдаудан халықтың жағдайын жасай отырып мемлекеттің экономикасын өсіруге жаңа жол ашады.

Жолдаудың бірінші сатысында “Халық табысының өсуін” бұл жерде мемлекетпен халықты күш біріктіруі арқылы жаңа қоғам құру. Осы жерден басты түртіп алатынымыз халық жалақысын 1,5 есе көтеру және жеке кәсіпкерлерге инвецтиса сала отырып жаңа кәсіп орындар ашып жұмыссыз адамдарға жаңа жол ашу.2010 жылы жасалған “Бизнес жол картасын-2025-ші жылға”- дейін созу арқылы мемлекетке салық арқылы пайда түссе, ал халыққа жұмыс пен табыс көзі болады.

Ал Тұрмыс сапасын артыру соның ішінде ең басты үшеуі: білім беру, денсаулық сақтау саласының,тұрғын үй қол жетімділігі халыққа көмек берер еді.

Әр адамның жеке ортасы болады, ал сол ортаның жайлы болуы үшін өмір сүріп жатқан ортаның қауіпсіздігі мен үйіміздің қол жетімдігі мен қатар сапалылығын қарастырып отыр.

Әрбір қызметкердің жұмыс істейтін орны болады, ал сол орынның кейінгі құрал жабдықтармен жабдықталған болса ол мемлекетіміздің және тіршілік көзінің алға басқандығын айқындайтын бірден-бір құралы яғни жолы болады.

 Келесі кезеңінде Елбасы мемлекеттің сыртқы саясатын дамыту жолдарын айта отырып ірі мемлекеттермен және ТМД елдерімен келісімге келген.

 Соңғы сөздерінде Елбасы Рухани Жаңғыру бағдарламасын халыққа жақсы үдеріс әкелгендігін және оны толықтыру керектігін айта өтті. Әрине сол жолдауларды дамытуда жастардың үлкен көмегі тиетіндігін және жастарға қолдауын көрсете білді.

Жалпы бұл жолдау халықтың бай ауқатты өмір сүруіне үлкен көмек болатын жол деп айтқым келеді және Елбасымен әрқашан бірге қолдау көрсетіп іске асыратын болады.

Балқаш көпсалалы колледжінің 3 курс студенті:Ельшибеков Сержан Халмаханович