1-қазан халықаралық қарттар күні. Бұл –өз өмірін қоғамға қызмет етуге арнаған адамдарға құрмет көрсету мерекесі. Осы күні біз оларға еңбексүйгіштігі, төзімділігі, оптимистігі және отанға деген махаббаты үшін тағы да алғыс айту мүмкіндігіміз бар.

Мейрам қарсаңында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі қаланың барлық жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекеме басшыларына сол мекемеден зейнеткерлік демалысқа шыққан қарттарға құрмет көрсетулеріңізді сұрайды. Оларға қамқорлық жасау біздің борышымыз.

«Балқаш қаласының

жұмыспен қамту

және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ