ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыс беруші міндетті:

- бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мәлiмет жiберуге;
- жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсiптерi, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде бір ай бұрын «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММтолық көлемде ақпарат беруге(3-ТН есебін).
Анықтамалар және түсіндірмелерді Уалиханов к-сі 5, №12 кабинет, телефон: 75956 бойынша «Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ –нен алуға болады.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » ММ