Құрметті жұмыс беруші, сіздердің ұйымдарыңызға қызметкерлер табу үшін және бос жұмыс орындарын тіркеуге www.enbek.kz Электрондық биржасын қолдануды ұсынамыз.
Сіз өзіңіздің бос жұмыс орны туралы мәліметті Жұмыспен қамту орталығына бармай ақ сайтқа оңай шығара аласыз  және де жұмыс іздеушілер жайлы ақпаратты толығымен көре аласыз. Электрондық биржадағы барлық қызметтер тегін!


Электрондық еңбек биржасы дегеніміз не?
Бұл бос жұмыс орындары жайлы мәліметті www.enbek.kz интернет-ресурс базасында шығаратын сандық алаң.
Электрондық еңбек биржасын қалай қолдану керек?
Электрондық еңбек биржасына кіріп тіркеліңіз. Тіркеу формасын толтырып, электронды почтаңызды растаңыз. Сіз үшін «Жеке кабинет» ашылады. Өзіңіздің логин мен пароліңізді жаттап алыңыз! Ол сізге электрондық еңбек биржасына кіруге және бос жұмыс орындарын тіркеуге керек. «Жеке кабинетіңізде» ұйымыңыз жайлы толық ақпаратты шығарыңыз. Электрондық еңбек биржасына шығарған мәліметіңізді растау үшін Сізге электронды сандық қол керек болады.
«Жеке кабинет» деген не?
Бұл сіздің ұйымыңыз жайлы, бұрын берген бос жұмыс орындар туралы мәлімет сақталатын жеке парақшаңыз.
Бос жұмыс орын жайлы мәліметті қалай шығару керек?
«Жеке кабинетіңізге» кіріңіз. «Бос жұмыс орын жайлы мәлімет қосу» тетігін басыңыз. Керекті хабарландыруды жазып, мәліметті сақтаңыз. Мәліметті сақтаған бетте, ол биржа қолданушыларына бірден шығады. Жарияланған мәліметтің биржада хабарландырылуы – 30 кунге дейін. Бос жұмыс орындар жайлы барлық хабарландырулар «Жеке кабинетіңізде» сақталады.
Электрондық еңбек биржасында жұмыскерді қалай табу керек?
Бұл электрондық еңбек биржасында Сіз жұмыс іздеушілер туралы толық ақпаратты көруге мүмкіндік аласыз. Жұмыс іздеушінің түйіндемесін шығарып, көру режиміне қоя аласыз. Жұмыс іздеуші бос жұмыс орны бар екенін көрген соң, Сізге жауап ретінде өзінің түйіндемесін жібереді. Жұмыс іздеушілердің барлық пікірлері Сіздің «Жеке кабинетіңізге» келіп түседі. Өзіңізге келетін үміткерді таңдап алып, «Шақырту жіберу» тетігіне басып, әңгімелесуге шақыра аласыз.
Электрондық еңбек биржасы туралы қосымша ақпаратты Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5 үй, №13 кабинет, Халықты Жұмыспен қамту орталығына келіп біле аласыз.