Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешімі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес көрсетіледі.

Үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі және 2018 жылы әр балаға тоқсан сайын бес айлық есептік көрсеткіш немесе жалпы сомасы 12025 теңге мөлшерінде белгіленді.

Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі және қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі.

Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Мемлекеттік қызметті «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);

3) психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

5) банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы (бұдан әрі – анықтама);

Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрлерінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады.

Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш сұрау салу;

2) психологиялық – медициналық - педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі;

3) оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, банк шотының нөмірі туралы құжаттың, мүгедектік туралы анықтаманың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде беріледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Анықтама және түсініктеме алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуыңызға болады, Мекенжай: Уалиханов көшесі, 5, І-қабат, №3,7 кабинет, телефон 8(71036)75273,44061. Жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiнен басқа, сағат 13.00 бастап 14.30 дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын 9.00 бастап 18.30 дейiн.