Елбасының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында және еңбек адамының мәртебесін арттыру, еңбек өнімділігін көтеру, жұмысшы кәсіптерді насихаттау, жастарды өндіріске тарту және де еңбек әулеттерінің жылдар бойғы дәстүрін нығайту мақсатында «Еңбек күні» мерекесі бекітілді.

Жалпыға орртақ еңбек қоғамын құру идеясын насихаттау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 2016 жылдан бері еңбек әлеуеттері мен өндіріс еңбеккерлері арасындағы «Еңбек Жолы» республикалық байқауын тағайындады.
Байқау мұраты - қазақстандықтардың бойында ел экономикасының дамуына айтарлықтай еңбек сіңірген отандастарының жетістігіне мақтаныш сезімін ояту. Байқау үш номинациядан тұрады: «Үздік еңбек әлеуеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».  
1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады;
2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1)номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4)конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5)еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволықнаградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардыңкөшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады
Өтінімдер 2018 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдауға өтініштер «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – мен жүргізіледі (Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5, каб. 3, 13, анықтама үшін телефон:75956, 42400).
Барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымын осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.