4 шілде 2018 жылы Астана күнін тойлау қарсаңында Балқаш қаласының денешынықтыру және сауықтыру кешенінде - «Біз мықтымыз, шыныққан батырмыз» атты мүмкіндігі шектеулі балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге арналған дене шынықтыру және сауықтыру мақсатында іс шара өткізілді.

Іс шараға қатысушылар 4 топқа бөлініп, 7 конкурсқа қатысып жарысты. Бағдарламаға әртүрлі ойындар, денешынықтыру жаттығулары кірді. Балалар жүгіріп, секіріп, белсенді қимыл қозғалыстарымен өздерінің көтеріңкі көңіл күйлерін көрсете білді.

Іс шара соңында мерекені ұйымдастырушылар қатысушыларға сусындар мен балмұздақтар таратты.

6 шілде күні Желтоқсан көшесі бойында Астананың мерейтойына арналған балалар мен ата-аналарының қолдан жасаған бұйымдарынан сатылым көрме ұйымдастырылды. Көрменің қолдан жасалған бұйымдары ашық бояуларымен, көркемдігімен көпшіліктің ықыласын өзіне аударды.    

Көрмеге қойылған бұйымдар қалалықтардың көңілінен шығып, өздеріне ұнаған бұйымдарын естелікке сатып алды.