Балқаш қаласының әкімі, жұмыскерлердің қалалық бірлестіктері және жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерінің қалалық бірлестіктері арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған қалалық Келісімге қол қойылды

Балқаш қаласының әкімі, жұмыскерлердің қалалық бірлестіктері және жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерінің қалалық бірлестіктері арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған қалалық Келісімге қол қойылды.

Іс-шараға атқару билігі органдарының, қаланың жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің қалалық бірлестіктерінің, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жаңа Келісім экономиканы технологиялық жаңғырту, халықты формальды және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, адами капиталдың сапасын жақсарту, еңбек жағдайларын және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз сұрақтарын қамтиды.

Келісім жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру бойынша біргелікте жауапкершіліктерін күшейтуге, жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға және сауықтыруға, мәдени - әлеуметтік бағытталған әріптестік қатынасты құруға, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге, ертеңгі күнге деген сенімділікті кепіл ететін еңбек келісімшарты негізінде еңбекақы төлеуге бағытталған.

Бизнес-қауымдастықтары мен кәсіподақ ұйымдарының алдына «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында кәсіби стандарттарды қалыптастыру, жұмыскерлердің өзіндік дамуға ынталандыру бойынша міндеттер қойылды.

Әлеуметтік әріптестер жаңа Келісім әлеуметтік - еңбек қатынастары саласындағы нақты міндеттерді шешудің негізгі және тиімді құралдың бірі екеніне сенімділік білдірді.