Көлеңкелі экономиканың бөлігі ретінде, «конверттегі» жалақы біздің өмірімізге мықтап енді және бүгін қоғам үшін көптеген мәселелерді тудырады. Жалақыларын жұмысшылардың өздері «заңдастыру» қажет.

Егерде кәсіпкер Сізді жұмысқа алып, бірақ Сізбен еңбек шартын жасамаса, Сіздің жұмысыңыз іс жүзінде заңсыз болып табылады, және Сіз көп нәрсені жоғалтасыз, атап айтқанда:

- Сіздің еңбек кітапшаңызға осы жұмыс кездегі жазбалар жүргізілмейді;

- жұмыс беруші Зейнетақы қорына жарналар төлемейді, бұл зейнетақының мөлшеріне кері әсерін тигізеді;

- жұмыссыздық жағдайында, жұмыстың бейресми кезені сақтандыру өтіліне есептелмейді, бұл жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы мөлшері мен төлеміне әсер етеді;

- ауырған жағдайда, Сіз еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлем ала алмайсыз;

- өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда, кәсіптік жарақат алғанда Сіз сақтандыру төлемдерін алу кепілдігін жоғалтасыз;

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды аудармайды.

Қызметкердің құқықтық сауатсыздығын пайдалана отырып, жоғарыда аталған салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді болдырмау, әлде азайту үшін, жұмыс беруші еңбек шартын жасамай қызметкерді жұмысқа қабылдайды немесе еңбек шартын жасау кезінде жалақыны төмендете көрсетіп, қалған бөлігін қызметкерге «конвертпен» береді. Бұл әдісті, төленетін салық және жарналар мөлшерін азайту мақсатында жорықсыз жұмыс берушілер қолданады. Қолданыстағы заңнама бойынша заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің мұндай әрекеттері заңсыз болып табылады.

Жұмыс берушіге «конверттегі» жалақы үшін алдымен әкімшілік жауапкершілік қарастырған, бірақ кейде заңда белгiленген салықтарды төлемеу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Бүгінгі күні, салық және өзге де заңнамалар, жалпы салықтық жүктемелерді азайтуға және экономиканы жаңғыртуға ықпал ететін, оның ішінде жалақы мәселесі бойынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сондықтан жұмыс берушілер мен қызметкерлерді ҚР салық және еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Белгілі бір мерзімге кірістерін ұлғайту арқылы өздерін конституциялық қорғаудан айыралатындығын азаматтардың түсінулері қажет. Өзіңді және өзіңіздің болашағыңызды қорғаңыз – жұмыс жасап, заңды түрде жалақы алыңыз!

«Конверттегі» жалақы немесе жалақының ең төмен мөлшерінен аз алған фактілер болған жағдайда, Қарағанды облысының еңбек инпсекциясы бойынша басқармасына келесі мекенжай бойынша хабарласуыңыз сұралады: Қарағанды қаласы, Ермекова көшесі 73, тел. 8(7212) 30-25-24.