«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек

алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беруден бас тарту ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда жүргізіледі.

        

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;

4) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады;

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1)өтініш;
2)көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат. 
          

Анықтама және түсініктеме алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММхабарласуыңызға болады, Мекенжай: Уалиханов көшесі, 5, І-қабат, №7,12 кабинет, телефон 8(71036)44061, 42400.

Жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiнен басқа,   сағат 13.00 бастап 14.30 дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын 9.00 бастап 18.30 дейiн.