Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде, жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) беру енгізілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жағдайға есептеу арқылы,ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% мөлшерінде айқындалған (2018ж. шейін – 40%).

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мемлекеттік статистика органдарымен есептелінеді және 2017 жылғы 4 тоқсанда Қарағанды облысы бойынша                    22941 теңгені құрады. Осыған байланысты, 2018 жылдың 1 тоқсанына      кедейлік шегі 11471 теңге мөлшерінде анықталды, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейі 22941 теңге сомасының 50% құрады. 

 

Отбасына АӘК  мөлшері  жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбір мүшесіне есептелініп, облыста белгіленген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді.

 

Шартсыз ақшалай көмекқұрамында еңбекке жарамды отбасы мүшелері болмауы немесе олар нақты себептермен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі, күнкөрісі төмен отбасыларға  (зейнеткерлер, 1,2 топтағы мүгедектер және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар, жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1 немесе 2 топтағы мүгедекке,              үнемі бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдар) көрсетіледі.

        Осы санаттағы адамдарға, шартсыз ақшалай көмек түріндегі АӘК,  өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар, олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан (оқу, әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, жұмысқа орналасу)және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, табысы аз отбасыларға әлеуметтік   келісімшарт жасасу арқылы көрсетіледі

      ШАК  әлеуметтік келісімшарттың қолдану мерзіміне (алты айға дейін) тағайындалады, әлеуметтік келісімшартта бекітілген кезеңге ай сайын немесе біржолғы төлем ретінде төленеді.

      Біржолғы ШАК үш айда бір рет төленеді және әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға ғана қолданылады.

 

АӘК алуға үміткер адам немесе отбасы, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент әкіміне өтінішпен жүгініп, төмендегі құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

      3) табыс туралы мәліметтер;

      4) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

      5) банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;

      6) баланың (барлық балаларға) туу  туралы куәлігі;

      7) неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік;

      -оқу орнының анықтамасы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағылар орта, техникалық және кәсіптік ортадан кейінгі білім беру, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болып табылса;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке қосымша:

      -еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);

      -білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса) ұсынады.

Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынады.

 

Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

 

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту  орталығы» КММ алуға болады: Уалиханов көшесі,  5, №3,7,12 кабинет, телефон 8(71036)44061,42400 демалыс (сенбі, жексенбі ) күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.