Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындаазаматтарды қолдау мен әлеуметтік мәселелерді шешудің жарқын үлгісі болып табылатын халықтың әл-ауқатының жақсаруы, экономиканың нығаюы жөніндегі міндеттерді айқындады. Жолдаудағы басымды 10 бағыттың бірі - адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.

Әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаждарға көрсетілетіні әділ атап өтілді. Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын күшейту үшін 2018 жылдан бастап халықтың аз қамтылған топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізілуде. Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-ынан 50%-ға дейін көтерілді. Масылдықты жою мақсатында, еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.

Мемлекет басшысы азаматтардың зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылар мөлшеріне тікелей әсер ететін еңбек қызметтерін заңдастыру мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Қалада көптеген жұмыскерлер еңбек шартын жасамай жалақыны "конверттерде" алады, осыған сәйкес міндетті әлеуметтік жарналарда төленбейді. Азаматтар еңбегі үшін осындай есеп айырысу нысанына келісе отырып, өзін еңбек сіңірген зейнетақымен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек, еңбекке жарамсыздығына байланысты төлемдер мүмкіндігі, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша демалыс және т.б. айырады.

Елбасы атап өткендей өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві болып саналады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың барлықтары оқуға және жұмыс істеуге ұмтылыс таныта бермейді. Қалада халықтың осы санаттарын нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына тарту бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Бағдарлама тегін негізде жұмысшы мамандығын оқуға, жеке ісін ашуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жаңғыртудың саясаты қазақстандықтардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін бағытталған.

Еңбек, жұмыспен қамту және кәсіби мамандарды даярлау саласындағы аталған жаңа тәсілдер әрбір нақты азаматтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болады.

Электрондық еңбек биржасы туралы Заңды қабылдау бойынша, жұмыс іздеушілер үшін жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер көрсету және еңбек нарығындағы барлық сұраныс пен ұсыныс көздерін біріктіру арқылы жұмыс берушіге персоналды іріктеуде жәрдемдесу мүмкіндігін кеңейтеді.

Әрқайсымыздың ықыласты қатынасымыз және еңбек үлесіміз жаңа өмір сапасына жетуге әкеледі.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

басшысы                                                                              Ж.Томпиева