14 желтоқсан күні М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі қамқорлығындағылар мен олардың ата-аналарының қолдан жасаған бұйымдарынан «Шеберлер қаласы» атты сатылым көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге қойылған бұйымдар ашық бояуларымен, көркемдігімен көпшіліктің ықыласын өзіне аударды. Көрмедегі бұйымдар қалалықтардың көңілінен шығып қана қоймай, сонымен қатар өзіне ұнаған бұйымдарын сатып та алды.

Сонымен қатар көрмеге қаланың қолөнер шеберлері, «Балқаш саңыраулар клубы» КМҚК және «Үлкен Жүрек» БҚҚБ қатысты.

Көрме жетістіктерімен көпшіліктің көңілінен шыға білді және қатысушыларға зор қуаныш сыйлады.