2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік

көмекті енгізуге дайындық шараларын жүргізу туралы

Ақпарат

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға қазіргі уақытта беріліп отырған келесі үш әлеуметтік төлемді біріктіретін Бірыңғай жәрдемақы болып табылады:

а) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 %-ынан төмен болған жағдайда (2017 жылғы 4 тоқсан – 9606 теңге) жанұяның әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК);

б) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 %-ынан төмен болған жағдайда (2017 жылғы 4 тоқсан – 14408 теңге) 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балалар жәрдемақысы (бұдан әрі - МБЖ), оның мөлшері осы жылы 1,05 АЕК немесе 2 383 теңгені құрайды;

в) кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін (бүгінгі күнде 9440 теңге) арнайы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - АМЖ).

Бұл жерде атап өтетін жәйт, адамға жай ақшалай көмек беріліп қана қоймай, оның жұмысқа тұруы үшін көмек көрсетіледі, түрлі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жібереді және шағын несие береді. Осылайша, отбасының кедейшілік шегінен шығуға әлеуеті ынталандырылады.

Анықтама

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдан бастап отбасының табысы және құрамына байланысты дифференциалды есептеледі. Бұл атаулы әлеуметтік көмектің отбасының табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің (2018 жылы 28284 теңге) 50 пайызынан төмен болғанда жанұяның әр мүшесіне ұсынылатынымен түсіндіріледі.

Әлеуметтік көмекті ұсыну жүйесіндегі жаңғыртуға байланысты халықты ақпараттандыруды арттыру үшін, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қазіргі кездегі 485 алушы отбасылардың АӘК (5отбасы 30адам.), МБЖ (63отбасы 145 бала), АМЖ (417отбасы 2172 адам.):

-отбасының материалды-тұрмыстық жағдайын анықтау;

-отбасының жұмыспен қамту шаралары және әлеуметтік бейімдеуге мұқтаждықтарын анықтау;

-халықты АӘК жаңа форматын енгізу туралы ақпараттандыру бойынша үйлерін аралау жүргізілді.

         Үйлерді аралау және АӘК,МБЖ,АМЖ (485 отбасынан 2423 адам)алушылардың санынан әр отбасының жағдайын сараптау нәтижесі бойынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы АӘК күтілетін өтініш білдірушілер саны шамамен 125 отбасынан 560 адамды немесе алушылардың жалпы санынан 23,1% құрайды. Оның ішінде көмек алуға үміткер:                

-шартты ақшалай көмекке 21 отбасынан 102 адам;

-шартсыз ақшалай көмекке 104 отбасынан 458 адам.

 

 

Әлеуметтік көмек алушылар бойынша ақпарат

2018 жылға жаңа форматтағы АӘК төлеу сомасының болжамы орташа мөлшері 2550 теңгемен 12852,0 мың теңгені (қалалық бюджет -6426,0 мың теңге, республикалық бюджет – 6426,0 мың теңге), төлем кезеңі (айналым) 9 айды құрайды.

Анықтама

Шартты ақшалай көмек - құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 6 ай мерзімге олардың міндетті түрде қатысуы.

Шартсыз ақшалай көмек - қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.

Әлеуметтік көмекті ұсыну жүйесіндегі жаңғырту мәселесі бойынша қолжетімді ақпарат алу мақсатында, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері жөнінде тұрақты негізде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылдың басынан жүргізілген жұмыстардың барысында ақпараттық буклеттер жасалып және қоғамдық жерлерге (ХҚКО, ЖО, денсаулық сақтау ұйымдары, білім мекемелері, банктер, Қазпошта және т.б.) таратылды, БАҚ (12 мақала «Балқаш өңірі», «Северное Прибалхашье», «Пульс»), жергілікті телеканал («Өркен медиа» және «БалхашТВ» телеканалында 7 көрсетілім және сюжеттер) қамтылды,әкімдік пен «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ресми сайттарында және бөлімнің ақпараттық стендінде орналасқан, сонымен қатар мамандардың қатысуымен:

- ағымдағы жылғы 26 сәуірде жұмыссыз азаматтар үшін өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкелері аясында (100 адам қамтылды);

- Саяқ кентінде (ағымдағы жылғы 25 мамыр, 26 маусым,19 қазан және 7 қараша) және Гүлшат кентінде (ағымдағы жылғы 29 маусым және 6 қараша ) 150 адамның қамтылуымен;

- Балқаш қаласында 5 қарашада 50 адамның қамтылуымен;

- ағымдағы жылғы 12 маусым және 26 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Балқаш қаласы бөлімінің мамандары үшін семинар-кеңес өткізілді.

2017 жылдың (20-21 сәуір, 29 қыркүйек және 20 қазан) «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ММ) және Жұмыспен қамту орталығының мамандары, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өткізілген жаңа форматтағы АӘК тағайындау және төлеу Ережелерін оқытудан және «Әлеуметтік көмек» ААЖ тәжірибелік жұмыстардан өтті.

Сонымен бірге, ММ және Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері және мамандары арасында оқыту семинарларын өткізілді.

Жыл басынан ММ және Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен, 2018 жылдан бастап енгізілетін жаңа форматтағы АӘК мәселесі бойынша жүгінген 76 азаматқа түсінік берілді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

                                                  

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ