Қаламызда еңбек келісімшартынсыз жұмыс жасайтын адамдар саны көп және олар жалақысын «конвертте» алатын жұмыскерлер, яғни оларға міндетті әлеуметтік жарнасы төленбейді.

Жұмыс жасайтын азаматтар еңбегі үшін осындай есептесу шартымен келісе отырып, өздерін зейнетақымен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша төлем, жұмыссыздық және бала күтіміне байланысты демалысқа төленетін жәрдемақы, штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан шыққанда төленетін жәрдемақы алу мүмкіндіктерінен айырылады.

Көрсетілген төлемдерді төлеу – заңды түрде жалақысы ескерілетін мемлекеттің әлеуметтік кепілі.

Осыған орай, аталған әлеуметтік төлемдерге тек қана жұмыс берушімен төленіп жатқан әлеуметтік аударымдары бар жұмыскерлер ғана жататындығын ескертеміз.

Туындаған сұрақтарыңыз бойынша «Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ге мына мекен-жай бойынша жүгініңіздер: Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5, №12 кабинет. Анықтама телефондары:75957,75956.